ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда 6,6 млн бала тегін медициналық көмек а...

Қазақстанда 6,6 млн бала тегін медициналық көмек алады

Медицина 23.12.2022, 13:00 1,362
Қазақстанда 6,6 млн бала тегін медициналық көмек алады
Сурет: Ашық дереккөз
Биыл балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды

Биыл балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды


Бүгін ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник біздің елімізде 6,6 миллионнан астам бала мемлекет кепілдік берген екі пакет және әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық көмек алатынын атап өтті. 2022 жылы балаларға медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы сомасы 560 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол балалар жылында ана мен бала денсаулығын сақтау мәселесі өзектілікке ие болып, денсаулық сақтау жүйесінің маңызды және басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.


Бүгінгі таңда балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі тәсілі жүзеге асырылды. Амбулаториялық көмекті 5690 МСАК объектісі көрсетеді. Стационарлық көмек үшін 204 аудандық орталық аурухананың, 10 қалалық және 13 облыстық балалар ауруханасының базасында 8130 балалар төсегі  ашылған.


Республикалық деңгейде үш негізгі орталықта - Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығында, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Алматы қаласындағы Ақсай университеттік клиникасында 815 төсек бар.


Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, диагнозды нақтылау және одан әрі жүргізу тәсілін айқындау үшін балалар республикалық деңгейдегі орталықтарға жатқызылады.



"2022 жылы амбулаториялық деңгейде 118 млн балаларды консультациялық-диагностикалық қабылдау жүргізілді, тәулік бойы стационар жағдайында  576 мың бала емделді, балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды", - деп хабарлады вице-министр.



Профилактикалық бағытқа келетін болсақ, В Дудниктің айтуынша, қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балаларды скринингтермен қамту 3-тен 12% - ға дейін ұлғайды. Осылайша, неонатальды скринингтік қамту 91%, аудиологиялық 75%, психофизикалық 86%, офтальмологиялық 92% құрады.


Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында жыл сайын туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық тексерулер жүргізіледі.


Ағымдағы жылы 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеру пакеттері зертханалық зерттеулердің қосымша әдістерін енгізумен қайта қаралып, кеңейтілді. Барлығы 11 айдың ішінде профилактикалық тексерулермен 4,5 млн. бала қамтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.