AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «5 минут ішінде көрсетілетін мемлекетт...

Қазақстанда «5 минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» үлесі 90%-ға жеткізілмек

Әлеумет 31.01.2023, 12:30 1,140
Қазақстанда «5 минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» үлесі 90%-ға жеткізілмек
Сурет: Ашық дереккөз

Облыстық жолдарды мобильді кең жолақты желілермен қамту бойынша жұмысты аяқтау жоспарланып отыр


Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Цифрлық трансформация, IT-саланы дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасының 2023-2029 жылдарға арналған жобасы қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Тұжырымдаманы іске асыру 5 минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90%-ға дейін ұлғайтуға, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін толық цифрландыруға, 250 мыңнан астам біліктілігі жоғары IT-кадрларды даярлауға, IT-өнімдер мен қызметтер экспортының көлемін $1,5 млрд-қа дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Astana Hub технопаркі аясында шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін баяндады.



«Жалпы, жастар арасында IT-сала экономика, қаржы және құқықтанудан гөрі көбірек таңдалады. Жастардың көбі IT-инжинирингке және осы саланың басқа да бағыттарына барғысы келеді. Министрлік бұл үрдісті белсенді түрде қолдауы керек», — деді Әлихан Смайылов.



Сонымен қатар кеңесте Тұжырымдама аясында республикада өңірлік цифрлық хабты қалыптастыру, байланыс саласын одан әрі демонополизациялау, киберқауіпсіздікті кешенді нығайту және денсаулық сақтау, білім беру, азаматтық қауіпсіздік салаларында жасанды интеллектіні дамыту үшін негіз құру жөніндегі шаралар іске асырылатыны атап өтілді.


Сонымен қатар азаматтар мен бизнесті жылдамдығы жоғары интернетпен (кемінде 100 Мбит/с), ал республикалық және негізгі облыстық жолдарды мобильді кең жолақты желілермен қамту бойынша жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #Электронды үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);