AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 5 ғылыми-өндірістік орталық құрылады

Қазақстанда 5 ғылыми-өндірістік орталық құрылады

Әлеумет 02.07.2024, 16:18 706 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстанда 5 ғылыми-өндірістік орталық құрылады
Almaty-akshamy.kz

Инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«2029 жылға дейінгі Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасында «Университет ғылымы» бөлімі көзделген. Онда негізгі назар үш негізгі бағытқа шоғырландырылады: ғылыми-технологиялық және инжинирингтік парктер құру; университеттер мен ғылыми ұйымдарды интеграциялау; эндаумент-қорларды қалыптастыру. Бірінші бағыт аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарls іске асыратын ғылыми ұйымдарды, ЖОО, кәсіпорындарды трансформациялау жолымен бес ғылыми-өндірістік орталық құрылады. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің даму бағдарламасы аясында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылатын болады. Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында берген тапсырмасы аясында ғылыми зертханалар мен тәжірибелік-сынақ инфрақұрылымын дамытуға мақсатты гранттар бөле отырып, университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында конструкторлық бюролардың, инжинирингтік орталықтардың, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың, технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеудің өңірлік орталықтарының, жобалық конструкторлық бюролардың және инфрақұрылымның басқа да элементтерінің жұмыс істеуі үшін университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктер мен инжинирингтік орталықтарға қолдау көрсету мәселелері пысықталуда», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, екінші бағыт бойынша ҒЗИ мен университеттердің жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен әріптестігін нығайту арқылы отандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялау күшейтіледі. Жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында докторанттар мен магистранттардың тағылымдамадан өту тәжірибесі де кеңеюде. Диссертациялық кеңестерге ҒЗИ ғалымдары қатысады. 

«Үшінші бағытты іске асыру елімізде университеттер жанындағы эндаумент-қорлар мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін эндаумент-қорларды реттеу жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Эндаумент-қорларға және оларды басқаруға қайырымдылық жасау үшін салықтық ынталандыруды енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Жоғарыда аталған үш бағыт бойынша іс-шараларды табысты іске асыру Scimago рейтингінде қазақстандық ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының санын арттыруға ықпал ететін болады», - деді министрліктен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);