ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда 46 жалған диплом мен оларды сатқан 20...

Қазақстанда 46 жалған диплом мен оларды сатқан 20 сайт анықталды

Білім және ғылым 05.12.2025, 12:23 319
Қазақстанда 46 жалған диплом мен оларды сатқан 20 сайт анықталды
Сурет: интернеттен
Қазақстанда 46 жалған диплом мен оларды дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс әшкереленді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда 46 жалған диплом мен оларды дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс әшкереленді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, уәкілетті органдар жалған дипломдарды жасау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылауда ұстап, анықталған жағдайларды дереу тоқтатып отырады. Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес, жалған құжат дайындау немесе пайдаланғаны үшін айыппұл салынады, түзеу жұмыстары тағайындалады немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

«Қазіргі таңда 46 жалған диплом мен оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Барлық материал ІІМ мен МАМ-ға жолданды», – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік 1991 жылдан бері берілген дипломдардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырған. Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмір мен QR-код беру жолымен рәсімделеді. Жүйеге кіру құқығы тек осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана берілген.

Диплом нөмірі «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде генерацияланады. Егер студент туралы ақпарат платформада болмаса, оған диплом нөмірін беру мүмкін емес. Ведомствоның түсіндіруінше, егер өз үлгісіндегі білім туралы құжатта жүйе арқылы берілген бірегей нөмір мен QR-код болмаса, мұндай диплом жарамсыз.

Сонымен қатар жоғары оқу орындары диплом деректерін цифрландыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал жұмыс берушілер құжаттың түпнұсқалығын epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде eGov мобильді қосымшасында да қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.