ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған

Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған

Әлеумет 08.03.2023, 10:40 1,035
Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған
Гендерлік теңдікті қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жеткіздік - Әлихан Смайылов.

Гендерлік теңдікті қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жеткіздік - Әлихан Смайылов.


Әлихан Смайылов нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Үкімет басшысы өзінің Facebook парақшасында құттықтау мәтінін жариялады.


Аяулы аналар!


Қымбатты арулар!


Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Қазіргі кезеңде әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің ең белсенді бөлігіне айналып отыр.


Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл – еңбек майданында жүрген жалпы халықтың 48%-ы. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына тұруға бойжеткен қыздарымыз белсенділік танытады. Өткен жылы 30 мыңға жуық жас бойжеткен жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолын бастады.


Мемлекет бизнеспен айналысуға ниетті әйелдерді бүтіндей қолдап келеді. Оларды оқытып, әрі қарай жұмысқа тұруына немесе бизнес әлеміндегі бағын сынауына мүмкіндік береді. Гранттар мен жеңілдікті қарыз бөліп, субсидияланған және кепілдендірілген несие ұсынады.


​ЭЫДҰ деректеріне сай, Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 45%-ды құрап отыр. Бұл – АҚШ және Түркия елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.


Әйелдердің денсаулығына да зор көңіл бөлініп келеді. Тек 2022 жылдың өзінде ғана ана өлім-жітімінің 2,6 есеге азайғаны – осынау дәйекті жұмыстардың нәтижесі.



Біздің елімізде әйелдер ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жүріп, мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысып отыр. Егер 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7% болса, өткен жылы 55,4%-ға жетті.


Үкімет, сондай-ақ, меншігінде мемлекеттің қатысу үлесі бар компаниялар басшылығында әйелдердің үлесін 30%-ға дейін кезең-кезеңмен арттыру шараларын қабылдауда.


Әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Ана мен баланы қорғау, көп балалы аналарға, бала асырап алынған отбасыларға көмек көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, үлкендерге қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып қала бермек.


Қазақстан гендерлік теңдік орнаған қоғам қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. 2022 жылы Қазақстан осы саладағы табысты реформалардың арқасында «Гендерлік алшақтық индексі» (Global Gender Gap Index) рейтингі бойынша 15 позицияға жоғарылап, 146 елдің арасында 65-ші орынды иеленді.


Мемлекет алдағы уақытта да қазақстандық әйелдердің әл-ауқатын жақсарту үшін бар күшін салады.


Көрікті көктемнің осынау шуақты күнінде экономиканың сан түрлі саласында еңбек етіп, елдігімізді нығайтуға, кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарымызды баянды етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Сіздерге шынайы құрметімді білдіруге рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,330 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.