AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

Әлеумет 25.12.2024, 14:44 1,052
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Сурет: Egemen.kz

Су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақтауға мүмкіндік берді.

Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.  

 Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды.

Сондай-ақ су тасқыны экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, тасқын суды көптен бері су бармаған жерлерге бағыттады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су жетті. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Соның арқасында, су жолын қадағалау тарихында алғаш рет Сарысу өзені арқылы су Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті. Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде жіберілді, Каспий теңізіне – 7,4 млрд м3. 

 2024 жылдың қыркүйек айының басында жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығына 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпте 3,7 млрд м3 су пайдаланылды. Сонымен қатар Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы), Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін санациялау жұмыстары уақтылы орындалды, сондай-ақ Абай ауданының (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) елді мекендерінің маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 68 км болатын учаскелерін санациялау бойынша жасалған жұмыстар секундына 1,2 мың м3 тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендердің су басуына жол бермеді.

 Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда. Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су қоймасы #салу #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);