Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 258 мың шаршы метр автокөлік жолының ш...

Қазақстанда 258 мың шаршы метр автокөлік жолының шұңқырлары жөнделді

Әлеумет 16.06.2022, 10:49 1,344
Қазақстанда 258 мың шаршы метр автокөлік жолының шұңқырлары жөнделді
Сурет: Inform.kz
Жөндеу жұмыстары кешенді бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмыстары кешенді бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатыр.


Жол жөндеу жұмыстарымен шұғылданатын қазақстандық мамандар жыл басынан бері жасаған жұмысы жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жөндеу жұмыстары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол төсемін одан әрмен бұзылудан сақтау мақсатындағы кешенді бағдарлама шеңберінде жүргізілуде», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Автокөлік жолының тегістігі жайлылықты сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де өте маңызды. Жолдағы қозғалыс жиілігінің артуына байланысты жол төсемдерінде түрлі ақаулар пайда болуда. Өз кезегінде ой-шұңқырларды тез арада жөндеу қажет екендігі белгілі. Бүгінде жол жамылғысын қалпына келтірудің ең көп тараған түрі әрі тиімді әдісі – шұңқырларды тегістеу.


Биылғы жылы «Қазавтожол» ЖШС республикалық маңызы бар жолдардағы 257 992 шаршы метр шұңқырды жөндеген. Бұдан бөлек, 92,8 мың шаршы метр түрлі ақаулар қалпына келтіріліп, 672 мың шаршы метр аумақтағы жарықшақтарды бітеу жұмыстары жүргізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,354 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.