Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 2500-ден астам сотталушы электронды бі...

Қазақстанда 2500-ден астам сотталушы электронды білезік тағады

Әлеумет 12.09.2022, 11:23 922
Қазақстанда 2500-ден астам сотталушы электронды білезік тағады
Сурет: Kapital.kz.

Бұл - жалпы сотталғандардың 9 пайызы.


Қазақстанда 2500-ден астам сотталушыға электронды білезіктер қолданылады. Бұл - жалпы сотталғандардың 9 пайызы. Мұны Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг аясында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пробация қызметі бастығының орынбасары Берік Бакулин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазіргі уақытта электронды білезіктер 2500-ден астам адамға қолданылады. Бұл - жалпы сотталғандардың 9 пайызы. Ал бүгінгі күні пробация қызметінің есебінде 28 мыңнан астам адам тұр. Олардың ішінде 326 азамат кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық құқықбұзушылық жасау баптар бойынша сотталған. Сонымен қатар, 7 ай ішінде электронды білезіктерді пайдалану нәтижесінде 90 заң бұзу фактісі анықталды. Осыған байланысты 30 материал жинақталып, олар сот органдарына жіберілді. Атап айтқанда, оларға қолданылған жаза енді бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады. Осының нәтижесінде қазіргі уақыттың өзінде сотталған 6 адам жазасын темір торда өтеуде», - деді Берік Бакулин.



Электронды білезіктердің көмегімен күн сайын сотталушының жүріп-тұруы қадағаланады. Берік Бакулиннің дерегінше, егер сотталған адам сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінен шықса, онда полиция қызметкерлері сотталған азаматқа қоңырау шалып, үйге оралуын талап етеді. Ол қолданылған мұндай шара сотталушылардың қайта қылмыс жасауының алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #браслет #білезік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Бүгін 16:59

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.