AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда 2,5 млн геологиялық дерек цифрландыры...

Қазақстанда 2,5 млн геологиялық дерек цифрландырылды

Экономика 03.12.2024, 12:27 1,065 Bakyt
Қазақстанда 2,5 млн геологиялық  дерек цифрландырылды
primeminister.kz

Геологиялық барлаудағы ЖИ технологиялары: Қазақстанда 2,5 млн геологиялық ақпарат цифрлық форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үкімет отырысында геологиялық саланы дамыту мәселесі қаралып, Премьер-министр Олжас Бектенов геологиялық барлауға инвестициялар тарту және саланың болашағын талдауға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстарының барысын баяндады. Бүгінгі таңда 2,5 млн дерек цифрлық форматқа ауыстырылды. Бұл жұмыс жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану арқылы жетілдіріледі. 2024 жылдың соңына дейін тағы 1,5 млн деректі цифрландыру жоспарланған. Жалпы процесс 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Зерттелген жер қойнауының ауданы 2 млн м²-ге дейін ұлғайтылды. Шығыс Қазақстанда минералдық ресурстардың перспективалы кен орындарын шетелдік геологиялық қызметтермен бірлесіп іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Көмірсутек шикізаты саласында күрделі кен орындарын барлауға инвестициялар тарту үшін Жақсартылған модельдік келісімшарт тетігі енгізілді. 12 учаскеде іздестіру жұмыстары аяқталуға жақын. Әсіресе литийге деген сұраныс жоғары. Литий іздестіру Баянкөл өңірінде және Арал–Каспий аумағында жүргізіліп жатыр.

Биыл шамамен 1 млн шаршы шақырым аумақта пайдалы қатты қазбаларды барлау алаңдары ашылды. Бұл Riotinto, Fortescue, Arras Minerals сияқты ірі халықаралық компанияларды тартуға мүмкіндік берді.

Дегенмен, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек қорларын кеңейту бойынша іздестіру жұмыстарының белсенділігі төмен екені атап өтілді.

«Қолда бар жұмыс тәсілдерін өзгерту керек. Минералдық-шикізат базасын тиімді пайдаланып, жаңа кен орындарын игеру бойынша нақты мемлекеттік саясат әзірлеу қажет. Пайдалы қазбалардың сапалық құрамы төмендеп барады. Бұл салаға инвестиция тарту үшін жеңілдіктер қарастыру керек», — деді Премьер-министр7

Телеграм арнаға жазылыңыз
#геология #Олжас Бектенов #цифрлық технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);