AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы сан...

Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды

Әлеумет 22.10.2025, 11:58 964
Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ауыл шаруашылығы санақтарының оныншы дүниежүзілік бағдарламасы аясында өткізілді.

Ол еліміз бойынша шамамен 1,6 млн үй шаруашылығын және 300 мың ауыл шаруашылығы құрылымын қамтыды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Санақ жүргізу бойынша сауалнама парағына жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасы, егіс алқаптарының көлемі, тыңайтқыш қолдану, мал шаруашылығы, еңбекпен қамту және басқа да көрсеткіштерге қатысты сұрақтар енгізілді. Ақпарат ірі аграрлық кәсіпорындардан, шаруа қожалықтарынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардан жиналды. Деректер жинау екі кезеңмен жүргізілді.

Бірінші кезең онлайн форматта 1–31 тамыз аралығында өтті. Сауалнама парағын sanaq.gov.kz сайтында ЭЦҚ, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасы арқылы QR-қолжетімділік көмегімен толтыруға мүмкіндік берілді. Бұл мүмкіндікті шамамен 600 мың адам пайдаланды.

Екінші кезең офлайн түрде 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін жүргізілді. Ел бойынша 3 200-ден астам интервьюер сауалнама жүргізді.

Жиналған мәліметтер мемлекетке агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауылдағы өмір сапасын жақсарту және ресурстарды ұтымды пайдалану бағытында неғұрлым нақты шешімдер қабылдауға жол ашады.

Санақ нәтижелерін алдын ала өңдеу мен талдау алдағы айларда аяқталады. Қорытынды деректер арнайы аналитикалық құралдар арқылы өңделіп, көрнекі талдау жасалып, келесі жылы Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#санақ #Ауыл шаруашылығы #аяқтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);