Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 2024 жылдан бастап студенттер үшін жең...

Қазақстанда 2024 жылдан бастап студенттер үшін жеңілдікті несиелеу енгізілуi мүмкін

Әлеумет 16.01.2023, 11:45 1,893
Қазақстанда 2024 жылдан бастап студенттер үшін жеңілдікті несиелеу енгізілуi мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Өткен жылы Ғылым және жоғары білім министрі  Саясат Нұрбек оқу ақысын 2-3%-ға төлеуге ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелер беру жоспары туралы айтқан болатын.


Министрлiкте жоғары білімге қол жетімділікті кеңейту аясында заңнамалық деңгейде «Білім беру несиесі» ұғымы енгізілгенін түсіндірді. Бұл термин студенттердің оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеу мүмкіндігімен оқу ақысын төлеуге несие алуын білдіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім алушыларға ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін, әлеуметтік жағдайды, ғылыми (шығармашылық) жетістіктерді ескере отырып, жоғары білімге ақы төлеу үшін нысаналы ақша сомасының белгілі бір үлесін алуды қамтамасыз ету мақсатында сараланған грант енгізу мәселесі пысықталуда», - деп атап өтті министрлікте.



Несиелеуді іске қосу қолданыстағы заңнамада қажетті нормалар қабылданғаннан кейін 2024 жылдан бастап күтіледі.


Оған білім беру грантының иегері болмаған талапкерлер үміткер бола алады. Осылайша, олар мемлекет кепілдігімен несие алып, оқуына ақы төлей алады.


Сондай-ақ, қарызды өтеу мерзімдерін белгілеу кезінде қарыз алушылардың жекелеген санаттары (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) ескерілетін болады.



«Төмен пайыздық мөлшерлемемен Қазақстан азаматтарына мемлекеттік білім беру несиелерін беру туралы мәселе пысықталуда», - делінген ресми жауапта.



Жеңілдікті несиелеуді іске асыру қаржы агентін тарта отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.


Сонымен қатар, министрлік білім беру гранттарын саралаудың бірнеше моделін қарастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #студенттер #жеңілдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.