ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 13,5 мың көші-қон заңнамасын бұзушылы...

Қазақстанда 13,5 мың көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды

Әлеумет 18.06.2021, 08:44 1,873
Қазақстанда 13,5 мың  көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды
Сурет: Gov.kz.
Қазақстанда көші-қон заңнамасын  бұзушылық әлі орын алуда

Қазақстанда көші-қон заңнамасын  бұзушылық әлі орын алуда


Пандемияға байланысты Қазақстан аумағында өз еліне орала алмаған мыңдаған шетелдіктер болды.


ІІМ Көші-қон қызметінің көмегімен бұл адамдарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері бес мыңнан астам мигрантқа, төлқұжаттарының мерзімі өткен 956 шетелдікке өз еркімен кетуге көмектесті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Ішкі істер министрлігінің сайтындағы хабарға сілтеме жасап.


Сонымен қатар, барлық шетелдіктер Қазақстандағы жағдайын реттеу мүмкіндігін пайдаланған жоқ немесе өз еркімен елден кетті.


Көші-қон заңнамасын қасақана бұзған адамдарды анықтау мақсатында 7 маусымнан бастап ел аумағында “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.


Полиция қызметкерлері шетел азаматтары көбірек шоғырланған жерлерге тексеру жүргізді, тұрғын үй секторы, құрылыс нысандары, базарлар, автокөліктер тексеріліп, шетелдік азаматтардың жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілер пысықталды.


Операция кезінде көші-қон заңнамасын 13 467 бұзушылық анықталды.


Оның ішінде:
• 10 055 шетелдіктердің елде болу мерзімдерін бұзуы;
• 3 316 шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактілері;
• шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 702 жұмыс беруші тартылды;
• келген шетелдіктер туралы ІІО-на уақтылы хабарламағаны үшін 5 233 жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылды;
• қайыршылық үшін 62 шетелдік жауапқа тартылды.
13 105 ТМД азаматтары, 362 алыс шетел азаматтары жауапқа тартылды.


Елден шығарып жіберу туралы 930 сот шешімі шығарылды.


Сонымен қатар іздеуде жүрген 105 қылмыскер ұсталды, оның 94 –ҚР, 11-ТМД азаматтары.


Мәселен, Шымкент қаласында екі заңды тұлғаның аумағында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 34 шетелдік анықталды. Семей қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс объектісінен қажетті құжаттарсыз жұмыс істейтін 16 шетелдік табылды.


Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша әкімшілік істер қозғалды және іс материалдары шаралар қабылдау үшін сотқа жолданды.


Операция кезінде полиция қызметкерлері жыл басынан бері шығарып жіберу туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 210 шетелдікті елден мәжбүрлеп шығарды.


Шығарып жіберуге жұмсалған қаражат шетелдікті шақырған не көшіп келушінің Қазақстанда заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғаларға полицияның талап-арыздары бойынша сот тәртібімен өтелетін болады.


ІІМ Көші-қон қызметі көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.