Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ау...

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады

Әлеумет 02.10.2024, 17:40 1,596
Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады
интернеттен

Алматыда Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шарада AUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынылды. Жобаны Halyk қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы таныстырды.

Таныстырылымға еліміздің спорт саласындағы мақтаныштары, танымал спортшылар, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен джиу-джитсудан сегіз дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова және өзге де спортшылар қатысты.

AUYLSPORT жобасының негізгі мақсаты:

Ауылдық балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту;

Спортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту;

🗣Ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету.
 
Атап өту керек, жоба аясында 6 спорт түрін қамтуды көзделген. Олар: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат.

"Елдегі спорт саласындағы жетістіктерді, көрсеткіштерді олимпиада ойындарымен байланыстыратынымыз жасырын емес. Олимпиада жүлдегерлерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан спортшылар екен. "Халық" қайырымдылық қоры АуылФутбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін #АуылСпорт жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделуде", - деп атап өтті шарада "Халық" қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Бокс, күрес және каратэ спорты бойынша аймақтық турнирлер 4 салмақ дәрежесі бойынша (40 кг дейін, 40-50 кг, 50-55 кг, 55 кг және жоғары), баскетбол және волейбол 2 жас аралығы бойынша қыздар және ұлдар (10-14 жас аралығы және 14-17 жас аралығы), шахматтан 4 жас аралығы бойынша (6-8, 8-12, 12-14, 14-тен жоғары) жүргізіледі.

Өңірлік лиганың жеңімпаздары спорттық форма және жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Республикалық қорытынды лиганың жеңімпаз спортшылары мен командаларына арнайы орындарда оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бұл жоба Halyk қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.

Сондай-ақ, 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған Halyk қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #AUYLSPORT #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.