ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанда 11 мыңнан астам жол белгісі орнатылмақ

Қазақстанда 11 мыңнан астам жол белгісі орнатылмақ

Өмір-өзен 29.04.2022, 12:50 2,012
Қазақстанда 11 мыңнан астам жол белгісі орнатылмақ
Сурет:Car.ru
4 мың шаршы метрден астам жолға шу жолақтары қойылады.

4 мың шаршы метрден астам жолға шу жолақтары қойылады.


Жол жабынында қысқы кезең мен көктемгі су тасқынынан кейін пайда болған ақауларды жоюға бағытталған кешенді бағдарлама бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оның аясындағы жұмыстар көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етпек. Бағдарлама шеңберінде ел жолдарының бойында 11500-ге жуық жол белгісі мен шақырымдық белгінің 2500-ден астамы, 683 ақпараттық панно, сондай-ақ 28 мың дабыл бағанасы орнатылмақ.


Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдардың 600 мың шаршы метріне ағымдық жөндеу жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, шұңқырларды жөндеу (474 мың шаршы метр), жолды тегістеу (93 мың шаршы метр), бойлық және көлденең деформациялық жіктерді жою (6 284 мың п.м).


Сондай-ақ, 672 мың шаршы метр жолда жарықтарды құю іске асырылмақ. Сонымен қатар, 4 мың шаршы метрден астам жолға шу жолақтары орнатылады. Бұдан бөлек, шамамен 406 жол буфері, 141 мыңнан астам катафот және 32 жарық диодты жол белгісі қойылмақ.


Республикалық жолдарда, сондай-ақ, 63 мың метрге қоршаулар мен автомобиль павильондары мен демалыс алаңдарының 168 бірлігін құру және жөндеу жоспарлануда. Жалпы, жол жөндеушілер биыл 15 бағытты қамтитын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.