Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты

Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты

Әлеумет 11.12.2024, 13:22 948
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
Сурет ЖИ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау мәселесіне қатысты қатты сын айтты. Оның пікірінше, еліміздегі субсидия бөлу жүйесіндегі былықтар елдің экономикалық дамуын тежеп, халықтың сенімін шайқалтуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бақылау жұмыстары барысында ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесінің сорақы мысалдары анықталды. Бір ғана Алматы облысында субсидия алу үшін кейбір шенеуніктер мал басының санын жасанды түрде арттырған. Абсурдтың шыңы – 1914 жылы туған сиырға субсидия берілуі. Бұл дегеніміз – 108 жыл өмір сүрген сиыр, бәлкім, Амангелді Иманов көтерілісі мен Бірінші дүниежүзілік соғыстың куәсі болған мал.

«Субсидия алу үшін 100 жылдан астам уақыт өмір сүрген малды тіркеу – мемлекеттік ресурстарды талан-таражға салудың ең ашық мысалы. Мұндай деректер еліміздің барлық аймақтарында кездеседі», – деп ашынды депутат.

Тексеру барысында субсидияның банкротқа ұшыраған, жалған тіркелген және тіпті қайтыс болған адамдардың атына аударылғаны анықталды. 254 млн теңге 148 өтінім бойынша жойылған компанияларға берілсе, Түркістан облысы мен Шымкентте 968 кәсіпорын субсидия алғаннан кейін жұмысын тоқтатқан.

 «Удобрениеге қатысты субсидия бөлу мәселесін құқық қорғау органдары ерекше бақылауға алуы керек. Бұл жерде ұйымдасқан қылмыстық топтардың бар екені анық», – дейді Базарбек.

Депутат ауыл шаруашылығындағы субсидиялау жүйесін толық қайта қарап, ашықтықты қамтамасыз етуді ұсынады. Сонымен қатар, осындай заң бұзушылықтарға жол берген шенеуніктер мен компанияларға қатаң шара қолдануды талап етеді.

Бүгінгі таңда мұндай абсурдты жағдайлар тек халықтың наразылығын тудырып қоймай, ауыл шаруашылығы саласындағы беделге нұқсан келтіріп отыр. Ел үміт артқан ауыл шаруашылығы саласы қатаң реформаларды қажет етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Субсидия #сиыр #Базарбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.