ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Қазақстан Vogue журналы ұсынған үздік 14 туристік...

Қазақстан Vogue журналы ұсынған үздік 14 туристік бағыттың қатарына енді. Ерекше назар — Алматыда

Алматы 14.01.2026, 09:27 212
Қазақстан Vogue журналы ұсынған үздік 14 туристік бағыттың қатарына енді. Ерекше назар — Алматыда
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Халықаралық Vogue журналы 2025 жылы редакциясы аралап көрген әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне Қазақстанды қосты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Халықаралық Vogue журналы 2025 жылы редакциясы аралап көрген әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың тізіміне Қазақстанды қосты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Беделді рейтингте еліміз Лондон, Сардиния, Барселона және Палм-Спрингс сынды жаһандық туристік орталықтармен қатар аталды. Мақалада Алматы қаласына ерекше назар аударылған.

Vogue редакциясы Алматыны заманауи қалалық орта мен көркем табиғат үйлесім тапқан, айқын контрасттарға толы қала ретінде сипаттайды. Материалда Іле Алатауының етегіндегі кеңестік кезең сәулеті, дамыған гастрономиялық мәдениет және қазақтың ұлттық асханасы ерекше аталады.

«Алғашқы күндерімді контрасттарға толы қаланы аралаумен өткіздім: Іле Алатауы аясындағы кеңестік даңғылдар, заманауи дәмханалар мен дәстүрлі қазақ дүкендері бір кеңістікте тоғысқан», — деп жазады материал авторы, креативті даму жөніндегі менеджер Али Фаруки.

Сондай-ақ, Алматы өңірді аралауға, соның ішінде көршілес Қырғызстанға сапарлауға қолайлы бастапқы нүкте ретінде көрсетіледі. Материал автордың алған әсеріне және Орталық Азия бойынша жасаған саяхатына негізделген.

Vogue нұсқасы бойынша үздік 14 туристік бағыттың қатарына Алматының енуі қалаға деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтап, Қазақстанның әлемдік туристік картадағы орнын нығайта түседі. Алдын ала болжамға сәйкес, 2026 жылы Алматыға 800 мыңнан астам шетелдік турист келуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.