AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі заңсыз құрылыс үшін құрылыс комп...

Қазақстан Үкіметі заңсыз құрылыс үшін құрылыс компанияларының жауапкершілігін қатаңдатады

Әлеумет 23.04.2024, 07:24 1,182
Қазақстан Үкіметі заңсыз құрылыс үшін құрылыс компанияларының жауапкершілігін қатаңдатады
Сурет: Primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу және жылжымайтын мүлікке сұранысты ынталандыру үшін жалға берілетін тұрғын үй тетігін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.


Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына еліміз бойынша 18 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндетін қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 


Президент алға қойған міндеттерді орындау аясында биылғы 1 наурыздан бастап Отбасы банкі «Отау» бағдарламасын іске қосты. Шарттарға сәйкес, қазақстандықтар Астана мен Алматы қалалары үшін 30 млн, басқа өңірлер үшін 18 млн жылдық 9%-бен және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 7%-бен тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.


18 сәуірдегі жағдай бойынша банк бағдарламаға қатысуға 18 729 өтінім қабылдады. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуін тежеу үшін құрылыс салушыларды Баспана Маркет платформасында орналастыру кепіл құны келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылатын болады.


Жаңа тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу жылжымайтын мүлікке сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Өнеркәсіп және Сауда министрліктеріне Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бір ай мерзімде жылжымайтын мүлік және құрылыс материалдары нарығында дүрбелеңге жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.


Олжас Бектенов назар аударған маңызды мәселе – салынып жатқан құрылыстың сапасы. Жалға берілген тұрғын үйге қоныстанғаннан кейін кездесетін мәселелерді құрылыс салушылар шешуі керек.



«Тағы бір маңызды мәселе – құрылыстың сапасы мен оның заңнамаға сәйкес болуы. Құрылыс компаниялары өздеріне алған міндеттемені толық орындауға және құрылыстың сапасын қамтамасыз етуге міндетті. Қандай да бір кемшіліктер анықталса, оларды тез арада жойып отыруы керек. Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде заңсыз құрылыс жүргізгені үшін құрылыс компаниялары мен лауазымды тұлғаларға ықпал ету шараларын қатаңдату жөнінде заңнамалық түзетулер әзірлесін. Оларды Құрылыс кодексінің жобасына енгізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан Үкіметі #Заңсыз құрылыс #құрылыс компаниясы #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);