AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан үкіметі «ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын...

Қазақстан үкіметі «ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын» әзірлеуді ұсынды

Өмір-өзен 29.07.2021, 13:59 1,649
Қазақстан үкіметі «ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын» әзірлеуді ұсынды
Сурет: Gorobzor.ru

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылды.


Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауап беретін министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесіне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кеңес барысында ШЫҰ елдерінің табиғат қорғау ведомстволарының басшылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелерін талқылады.



«Министр өз баянадамасында 2020 жылы ШЫҰ саммиті барысында айтылған Мемлекет басшыларының тапсырмаларын орындау қажеттігін атап өтіп, осы мақсатта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экологиялық проблемаларының реестрін әзірлеуді ұсынды», – делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сондай-ақ, Мағзұм Мырзағалиев Арал өңірінің экологиялық проблемаларын кешенді шешу мәселелерін қозғап, ШЫҰ елдерінде климаттың өзгеруі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша бірлескен шешімдерді іздеу қажеттігін атап өтті.


Осыған байланысты, Министр Арал теңізінің құрғаған табанын фитомелиорациялау жөніндегі бағдарламаны, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді, сондай-ақ сирек кездесетін жануарларды сақтау мақсатында «ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын» әзірлеуді ұсынды.


Осымен бірге, Қазақстан тарапы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін БҰҰ бағдарламалары желісі бойынша халықаралық донорлық көмекті тарту бойынша қызметті жандандыру бойынша бірқатар бастамаларды атап өтті.


Сондай-ақ, ШЫҰ шеңберінде табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Министр ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы үкіметаралық келісімді әзірлеуді ұсынды.


Сонымен қатар, қазақстандық тараптың бастамасы бойынша кеңес шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобы құрылды.



«Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар 2022-2024 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады және Кеңес хаттамасына қол қойылды»,- делінген ресми хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #қоршаған орта #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);