AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі шаруаларға трейдерлер арқылы нес...

Қазақстан Үкіметі шаруаларға трейдерлер арқылы несие беруді ұсынды

Әлеумет 25.03.2022, 06:08 1,365
Қазақстан Үкіметі шаруаларға трейдерлер арқылы несие беруді ұсынды
Сурет: Mk-kz.kz

70 млрд теңге көлемінде қосымша бюджеттік несие бөлу тапсырылды.


Қазақстан Үкіметі жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында егін егуді қосымша қаржыландыру және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тауарларды жеткізу логистикасы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz cілтеме жасап.


Ағымдағы сыртқы саяси жағдай техника, тұқым, генетикалық материал, минералды тыңайтқыштар және басқаларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауарларына әлемдік, оның ішінде қазақстандық бағалардың өсуіне түрткі болатыны атап өтілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.


Кепілмен байланысты мәселелерді шешу үшін фермерлерде қажетті өтімді кепілдіктері бар астық және май нарығының трейдерлері арқылы аграршыларға несие беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.


Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қаржы және ұлттық экономика министрліктерімен, «Бәйтерек» ҰБХ-мен бірлесіп, республикалық бюджетті нақтылау аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде қосымша бюджеттік несие бөлу тапсырылды.


Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштар бағасын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 16 наурыздан бастап аммиак селитрасының құны тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеді.


Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру туралы айта келе, АШМ басшысы импорттық тәуелділікті төмендету үшін меншікті тұқым сұрыптарын әзірлеу бағдарламасы туралы хабарлады. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық тұқымдарды өсіру бойынша жол картасын әзірледі.



«Қысқа мерзімде отандық тұқым сұрыптарының ғылымын дамыту бойынша орта мерзімді бағдарлама қабылдау қажет. Тұқымның қазіргі сұрыптары нашарлап, өнімділік төмендеуде. Жылдан-жылға құрғақшылықтың күшеюіне тұрақты үрдіс байқалады. Бұл орайда құрғақшылыққа төзімді және өнімнің үлкен көлемін беретін тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеу аса маңызды», - деп атап өтті Премьер-Министр Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ, Үкімет ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды уақтылы жеткізу үшін қосымша жылжымалы құрамды қамтамасыз етуді, сондай-ақ Ресейден тұқым импорты бойынша жеткізудің балама бағыттарын пысықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #Қазақстан #шаруа #нисие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);