AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі жанынан Су кеңесі құрылады

Қазақстан Үкіметі жанынан Су кеңесі құрылады

Әлеумет 28.01.2022, 12:09 1,169
Қазақстан Үкіметі жанынан Су кеңесі құрылады
Сурет: Ttwitter.com

Кеңесті премьер-министр басқаратын болады.


Су мәселесі бойынша өтетін мемлекетаралық келіссөздерде Қазақстанның мүддесін табанды қорғауға негізделген Су кеңесі құрылады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай бастама көтеріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Вице-министр Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратынын мәлім етті. Оның айтуынша, ведомство су ресурстары саласындағы ахуалды жақсарту үшін бірнеше шараны жоспарлап отыр.



«Бірінші, мемлекетаралық өзара қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу үшін келіссөздер процестеріндегі Қазақстанның ұстанымын күшейту үшін ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен су кеңесі құрылмақшы. Бұл кеңестің негізгі міндеті сыртқы су саясатын әзірлеу барысында Үкіметтің барлық құрамының іс-қимылын үйлестіру болады», - деді министрдің орынбасары.



Сондай-ақ, министрлік су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларын күшейтуге жол ашпақшы.



«Су ресурстарын басқарудың қолданыстағы жүйесі бірінші кезекте су шаруашылығы құрылыстарын қайта жаңарту және салу жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталған. Су ресурстарын есепке алу, су үнемдеу, талдау және жағдайдың дамуын болжау сияқты мәселелер тиісті назардан тыс қалып келеді. Бассейндік инспекцияларды су ресурстарын мемлекеттік басқарудың негізі ретінде қарау қажет», - деді ол.



Айтуынша, инспекторға түсетін жүктеме тым ауыр.



«Бүгінде бассейндік инспекцияның бір қызметкері 93 ауылдық елді мекен орналасқан 41 мың шаршы қашырым аумаққа қызмет көрсетеді. Бассейндік инспекцияларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі өзекті болып табылады», - деді Серік Қожаниязов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мемлекет #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);