Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды қолдау үші...

Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады

Әлеумет 01.11.2024, 15:17 887
Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады
primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Премьер-министр еліміздің маңызы басым бағыты өнеркәсіпті дамыту екенін атап, шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды. 

«Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады. Жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде инвесторлармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға үлкен мән береміз, сіздердің құқықтарыңызды қорғауға басымдық берілген. Отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттыратын болады. Мультипликативті ірі инвестициялық жобалар әртараптандырылған экономикалық экожүйенің қалыптасуына ықпал ете отырып, ШОБ белдеуінің дамуына әсер етеді. Біз Қазақстандағы шетелдік өндірістердің дамуымен өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға талпынатын боламыз. Қазақстандағы кадрларды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Біз шетелдік инвесторлардың барлық деңгейде жергілікті мамандарды белсенді түрде еңбекпен қамтуын құптаймыз әрі қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
 

KGIR–2024 қорытындысы бойынша жалпы сомасы $7 млрд болатын 32 құжат пакетіне қол қойылды, оның ішінде Премьер-министрдің қатысуымен: 

  • Ақмола облысы әкімдігі, KAZAKH INVEST және Dalian Hesheng Holding Group арасындағы бидайды терең өңдеу бойынша құны $650 млн болатын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім; 
  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, KAZAKH INVEST және CHN Energy арасындағы көмір химия өнімдерін өндіру бойынша $4 млрд-қа стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім; 
  • «Orhun Medical» ЖШС мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ҚР денсаулық сақтау саласының медициналық қызметтері мен инфрақұрылымын жақсарту бойынша $80 млн-ға инвестициялық келісім; 
  • «SILK WAY ENERGY LTD» мен ҚР Үкіметі арасындағы Жетісу облысының Панфилов ауданында тәулігіне 1 000 000 нм3 қуат тұтынатын табиғи газды сұйылту зауыт салу туралы жалпы құны $305 млн-ды құрайтын инвестициялық келісім; 
  • «НК «ҚТЖ» АҚ мен «Транспортейшн Глоубэл Эл-Эл-Си» арасындағы теміржол машина жасау саласында цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу бойынша жобаны іске асыру туралы келісім; 
  • «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы елімізде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша жалпы құны $100 млн базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім; 
  • «Шин-Лайн» ЖШС мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы әлемнің жетекші компанияларының қатысуымен Алматы облысында азық-түлік кластерін құру туралы базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім (35 өндіріс орны пысықтауда); 
  • Қостанай облысының әкімдігі мен «Tech Digital» ЖШС арасындағы алюминий қорытпаларынан жасалған жоғары сапалы шыбықтар мен профильдер өндіру саласындағы базалық қағидаттар туралы келісім; 
  • Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Hyundai Solar KZ 777» ЖШС арасындағы құны $167 млн болатын күн электр стансасын, қалдықтарды өңдеу кешенін, қоқыс жағу кешенін, модульдік жылыжай кешенін салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум; 
  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен CNPC арасындағы «Солтүстік 1» блогындағы геологиялық барлау жұмыстарының әлеуетін зерттеудің бірлескен жоспары; 
  • «Отбасы банкі» АҚ мен Азия даму банкі арасындағы елімізде инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілету жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. 

Пленарлық сессия шеңберінде үздік инвестор-компаниялар: өнеркәсіптік, медициналық газдар және инжиниринг саласындағы Linde Gas GmbH кәсіпорны, Shin-Line азық-түлік өндірісі, KazFoodProducts дәнді дақылдарды терең өңдеу және кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі компаниялар тобы, Enhun Medical денсаулық сақтау саласындағы компаниялар тобы, Jiaxin International Resources Investment вольфрам кендерін игеру жөніндегі кәсіпорын, Alstom теміржол машина жасау кәсіпорны, Zerde-Ceramics Aktobe фарфор плиткаларын шығаратын зауыт, Zharkent Starch Plant жүгері өңдеу кәсіпорны, Қазақстанның жетекші теміржол кластері Railways Systems KZ, Сarlsberg Group сыра қайнату компаниясы атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #инвестиция #KGIR–2024
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.