AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан Түркияға өнім экспортын ұлғайтты

Қазақстан Түркияға өнім экспортын ұлғайтты

Экономика 11.05.2022, 07:53 1,851
Қазақстан Түркияға өнім экспортын ұлғайтты
Сурет: Qazaqtv.com

2022 жылдың алғашқы үш айында Қазақастанның Түркияға экспорт көлемі екі еседен астам өсті.


Қаңтар-наурыз айларында еліміз бауырлас елге  1 миллиард 25 миллион доллардың тауарын жөнелтті. Оның үстіне экспорттың басым бөлігі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесіне тиді, ал жеткізілімі шамамен 3 есеге артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.


Сондай-ақ бұл тізімде мыс, мырыш, мазут, сұйытылған газ, алюминий және ферроқорытпалар бар. Ал Түркия Қазақстанға негізінен киім-кешек, аяқ киім, дәрі-дәрмек, пластмасса және қара металл бұйымдары, кілемдер, жиһаздар, цитрус жемістері, күнбағыс тұқымдары мен түрлі жабдықтар жеткізеді.



"Қазір түрік капиталын ескере отырып, құны 2 миллиард доллардан асатын 61 жоба жүзеге асып жатыр. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында 3700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Біз Президенттеріміздің екіжақты тауар айналымының көлемін алдағы жылдары 10 миллиард доллар деңгейіне жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындай аламыз деп ойлаймын", - Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев.



Айта кетейік, қос тарап бұған  дейін 15 халықаралық келісім бекітті. Олардың қатарында халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы құжат бар. Оның шеңберінде Қазақстан халықаралық көлік дәлізі маңайында орналасқан елдердің нарығына өз өнімін шығаруға мүмкіндік алады.  Бұл дегеніміз Каспий және Қара теңіз жағалауындағы мемлекеттер, Таяу Шығыс, Еуропа мен Кавказ елдері .


               


 







Телеграм арнаға жазылыңыз
#экспорт #өнім #тауар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);