AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан туристер үшін трендке айналды

Қазақстан туристер үшін трендке айналды

Әлеумет 21.02.2024, 04:58 1,260
Қазақстан  туристер үшін трендке айналды
visitalmaty.kz

Қазақстан кейінгі жылдары шетелдік туристер үшін тренд бағытқа айналды. Мұны еліміздің туризмі туралы әлемнің ірі басылымдарында жарық көріп жатқан ақпараттардан да байқауға болады. Жуырда америкалық әйгілі Travel+Leisure журналының Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бөлімшесі Қазақстан туризмі туралы шетелдік саяхатшыларға арналған нұсқаулық жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Журналист Яшита Вашишт Қазақстанның бірегей көрікті жерлерін аралай отырып, шетелдік туристерге қажет болатын нұсқаулық жинақтады. «Не істеу керек, қайда тұру керек және қандай тағамдар бар: Қазақстан бойынша ең үздік маршрут» деп аталатын репортажда көптеген қызықты мәлімет жарияланған. Тіпті, аталған мақаланың мазмұны ел тұрғындарының да қызығушылығын тудырды.

Автор Қазақстанға келу үшін саяхатшыларға сәуірден мамырға дейін немесе қыркүйектен қазанға дейінгі кезеңді таңдауды ұсынады. Яшита Вашишттің пікірі бойынша, аталған кезеңдерде сіз тау пейзаждарының панорамасынан және таңғажайып дала кеңістігінен ләззат ала аласыз.



  • Travel+Leisure журналисі Астана, Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Алматы қаласы мен оның айналасындағы көрікті жерлерге барып, Қазақстан бойынша жеті күндік саяхат жасады. Сонымен қатар журнал өкілі Қазақстанға келгеннен кейін виза қолжетімділігі, ағылшын тіліне аудармасы бар қазақ тіліндегі сөз тіркестері, қонақ үйлер мен ұлттық тағамдарды таңдауда пайдалы ақпаратты жинады.

  • Travel + Leisure – Нью-Йоркте орналасқан саяхат туралы журнал. Басылым жылына 12 рет шығады, деректер бойынша журналдың оқырман саны – 4,8 миллион. Саяхат туралы басылымда туристік сапарларға маманданған және көбіне саяхатшы емес жазушылар, ақындар, суретшілер, дизайнерлер мен журналистердің мақалалары жарияланады.


Сонымен қатар журнал модельдердің саяхаттағы және беделді жағдайда демалып жатқан фотосуреттерін жарялаған мұқабаларымен танымал.
Travel+Leisure бүкіл әлем бойынша 16 миллион саяхатшылар қауымдастығын біріктіреді және штатта 100-ден астам саяхат туралы жазатын журналистері мен фотографтары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #туризм #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);