AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақстан темір жолында биыл 15 адамның қазасы тір...

Қазақстан темір жолында биыл 15 адамның қазасы тіркелген

Оқиға 11.11.2025, 10:58 592
Қазақстан темір жолында биыл 15 адамның қазасы тіркелген
Элеонора Якия

Қазақстан темір жолы кейінгі 10 айда 30 адамның қатысуымен апат болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы теміржол нысандарында тіркелген жазатайым оқиғалар бойынша дабылды статистика жариялады. 2025 жылдың алғашқы 10 айында ел бойынша пойыздың адамдарды қағу дерегі 30 рет тіркелген. Оқиғалар салдарынан 34 адам зардап шегіп, оның 15-і қаза тапқан, 19-ы түрлі жарақат алған. Жәбірленушілердің қатарында үш кәмелетке толмаған жасөспірім бар.

Компания мәліметінше, оқиғалардың басым бөлігі азаматтардың теміржолда жүру ережелерін өрескел бұзуынан болған. Зардап шеккендердің 40%-ы (12 адам) оқиға кезінде мас күйде болған. Басқа жағдайларда адамдар құлаққап киіп жүрген. Бір суицид фактісі де тіркелген.

Сонымен қатар кейінгі 10 айда теміржолда 24 жол-көлік оқиғасы болған, оның үшеуіне жолаушылар пойыздары қатысқан.

ҚТЖ, әскери күзет және желілік полиция бірлесіп 1 570 рейд жүргізіп, 2 105 тұрғын жиналысын ұйымдастырған. Нәтижесінде ережені бұзғандарға 39 әкімшілік айыппұл салынған.

Компания теміржолдағы қауіпсіздік ең алдымен азаматтардың жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтіп, жолды тек белгіленген жерден кесіп өтуге және теміржол маңында аса сақ болуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қтж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);