AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Қазақстан темір жолына" жаңа басшы тағайындалды

"Қазақстан темір жолына" жаңа басшы тағайындалды

Әлеумет 03.07.2025, 11:31 1,170
"Қазақстан темір жолына" жаңа басшы тағайындалды
ҚТЖ

"Самұрық-Қазына" қоры басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов теміржолшылар ұжымына ұлттық компанияның жаңа жетекшісін таныстырды. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басқарма төрағасы болып Талғат Алдыбергенов тағайындалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Бұған дейін ол осы компанияда төраға орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа басшы туралы не белгілі?

Талғат Алдыбергенов – теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Алматы теміржол инженерлері институтын үздік бітірген. Сонымен қатар, Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында экономика магистрі және экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

Ол еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастап, түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 1990-жылдардан бастап Батыс Қазақстан темір жолында түрлі қызметтерде болған. Кейін "ҚТЖ" құрамындағы Ақтөбе филиалын басқарды, сондай-ақ көлік логистикасы мен тасымалдау саласына қатысты бірқатар ұйымдарды басқарған.

2008–2019 жылдары бірнеше ірі компаниялардың, оның ішінде "Кедентранссервис" пен "Kazakhmys Maker" серіктестіктерінің басшысы болды. Ал 2024 жылдан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қтж #басшы #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);