ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қазақстан тауарлары Қытайда сұранысқа ие

Қазақстан тауарлары Қытайда сұранысқа ие

Әлем 25.05.2024, 11:16 938
Қазақстан тауарлары Қытайда сұранысқа ие
интернет
Қазақстан 135 тауар түрін Қытайға экспорттауға дайын.

Қазақстан 135 тауар түрін Қытайға экспорттауға дайын.

Бұл туралы Қазақстан сауда вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚХР коммерция министрінің орынбасары Лин Цзи Қытайда қазақстандық өнімді танымал ету мақсатында Нанкин және Чэнду қалаларында өкілдіктер ашуды ұсынды.

Ал Қазақстан сауда вице-министрі Қайрат Төребаев екі ел басшыларының екіжақты тауар айналымын 40 млрд долларға жеткізу жөніндегі міндеттеріне мерзімнен бұрын қол жеткізілгенін атап өтті.

"Біз Қытай нарығына жеткізілетін қазақстандық өнімдер номенклатурасын одан әрі әртараптандыруға ниеттіміз. Қазақстан 135 тауар позициясы бойынша Қытайға $1 млрд сомаға қайта өңделген өнім экспортын қосымша арттыруға дайын", - деп хабарлады Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, Қытайға жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде салқындатылған ет өнімдерін, балық өнімдерін, құс етін және субөнімдерді, шошқа етін, жұмыртқа, жылқы етін және басқа да жоғары маржиналды тауарлардың көптеген түрін жеткізуге болады.

Қазақстандық тауар өндірушілер Шанхай EXPO, "Қытай-Еуразия Экспо" және басқа да көптеген көрмеге белсенді қатысуда.

Осы жылдың мамыр айында Urumchi қаласында QazTrade сауда өкілдігі тіркелді. Сондай-ақ Чэнду қаласында қытайлық компаниямен бірлесіп QazTrade серіктестік кеңсесі ашылды. Сондай-ақ Нанкин қаласында қазақстандық өнімнің сауда павильонын іске қосу жоспарланып отыр.

Тараптар екіжақты тауар айналымының құрылымын одан әрі ұлғайту және кеңейту үшін бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ электронды коммерция, ауыл шаруашылығы, шекара маңы ынтымақтастығы және т.б. салалардағы сауданың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіру туралы келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.