Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазу керек

Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазу керек

Әлеумет 11.01.2024, 10:35 1,224
Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазу керек
Сурет: Turkystan.kz

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Үкіметке осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның сөзіне қарағанда, қазіргі оқулықта Қазақ хандығының қаланғандығы туралы нақты ақпарат жоқтың қасы.



«Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуы қазақ халқының шынайы тарихына маңыз беру үшін тамаша мүмкіндік болып отыр. Мемлекет басшысы таяуда « Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында осы айтулы датаны еске салғаны белгілі. Сондай-ақ мемлекеттілігіміздің тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін ауқымды зерттеулер жүргізу маңызды екенін атап өтті. Сондықтан жаңа оқулықта Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс», - деді депутат.




«Әрине ұлт тарихын білмеу қасірет. Алайда одан өткен үлкен қасірет бар ол – тарихты жаңылыс білу. Ұлттық санаға тарихи сана негіз болады десек бұрмаланған түсініктен қате таным қалыптасады. Сондықтан, тарихты дұрыс жазу және оқыту тарихты жасаумен бірдей өзекті. Биыл аяқталатын қазақстан тарихының көптомдығы Жошы ұлысына қатысты тың деректерді ұсынады деп үміттенеміз. Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал», -дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан тарихы #оқулық #қайта жазу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.