ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдікті...

Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті – ІІМ Көші-қон қызметі

Заң мен тəртіп 27.09.2022, 05:12 1,044
Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті – ІІМ Көші-қон қызметі
Сурет: Polisia.kz
ІІМ Көші-қон қызметі Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Көші-қон қызметі Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



“Құрметті қазақстандықтар! Қонақ үйлердің, хостелдердің, пансионаттардың, жатақханалардың иелері! Пәтерлер мен басқа да тұрғын үй-жайлардың иелері, Сіздерге сөз арнаймын! Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. “Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының” 9-тармағына сәйкес, шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз. Заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең. Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Шетелдіктің келуі туралы хабарламаны қабылдаушы тарап үш тәсілмен бере алатынын хабарлаймыз. Бірінші. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті. Екінші әдіс. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады. Үшінші оңай әдіс – Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті, смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау және толтыру интуитивті. Бір минут уақыт алады. Жеке және заңды тұлғалар заңның осы талаптарын сақтауға міндетті екеніне тағы да назар аударамыз. Шетелдік қонақтар өздерінің паспорттық деректерін қабылдаушы тарапқа хабарлауы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тиіс”, – деді ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының м.а. Аслан Аталықов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.