AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Таиландқа ет экспорттамақ

Қазақстан Таиландқа ет экспорттамақ

Әлеумет 01.10.2024, 10:43 1,883
Қазақстан Таиландқа ет экспорттамақ
ҚР Ауыл шаруашылық минитрлігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Таиланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрі Наруомон Пиньесинватпен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тараптар ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, стратегиялық әріптестік пен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту және жеткізілетін өнім номенклатурасын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі мал шаруашылығы өнімдері бойынша экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады. KazBeef Processing және Merke et combinaty сияқты өндірушілерді қоса алғанда, Таиландқа ет және ет өнімдерін экспорттауға сертификаттау және рұқсат алу үшін кәсіпорындардың тізімі Тай тарапына қалыптастырылып, жіберілді.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің экспортын арттыруда, балық шаруашылығы саласында өзара іс-қимыл ерекше қызығушылық тудырады.

Қазақстан бидай мен ұнды ірі өндірушілердің ондығына кіреді, жылына 7 млн тоннаға дейін бидай экспорттайды және Тай нарығы жеткізілімдерді ұлғайту үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Сондай-ақ Наруомон Пиньёсинваттың назары бірлескен ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасуды қоса алғанда, аграрлық ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына аударылды. Екі елдің ғалымдарына күріш өсіру және құс шаруашылығы бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін байланыс орнату ұсынылды.

Диалог аясында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен өндірістер құру үлкен маңызға ие екендігі атап өтілді. Ол үшін ауыл шаруашылығы бойынша бірлескен жұмыс тобын құру жоспарлануда, ол өзекті мәселелерді талқылау үшін тұрақты отырыстар өткізетін болады.

«Бұл кездесу ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады. Біз сауда және инвестициялық қатынастарымызды одан әрі нығайтуға үміттенеміз», - деп түйіндеді Ермек Кенжеханұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #ұн #Ауыл шаруашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);