ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кес...

Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кестесі жарияланды

Спорт 27.07.2023, 13:11 1,115
Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кестесі жарияланды
Сурет: ашық дереккөз
Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей университет спортшыларының халықаралық федерациясының (FISU) XXXI Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.


Қазақстан атынан 11 спорт түрінен 93 спортшы қатысады (садақ ату; оқ ату; жеңіл атлетика; спорттық гимнастика; дзюдо; көркем гимнастика; үстел теннисі; таеквондо; у-шу; жүзу; семсерлесу). Ел құрамасы еліміздің 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.


28 шілдеде Универсиаданың ашылу салтанаты өтеді, ал 27 шілдеде қазақстандықтар садақ атудан алғашқы жарыстарда өнер көрсетеді.


Жарыс 8 тамызға дейін жалғасады, онда 18 спорт түрінен 269 медаль жиынтығы ойналады. Әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңнан астам спортшы марапаттар үшін күреседі.


Универсиада жарыстары «Армандар Чэндуде шындыққа айналады» ұранымен өтеді. Универсиаданың бойтұмары 2019 жылдың 30 желтоқсанында таныстырылған «Ronq Bao» пандасы болды.


Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде сағат 20:00-де (Чэнду қаласының уақыты бойынша) спорт қалашығында мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын дзюдошы Қаблан Нұрсұлтан көтеріп шығады.


photo

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.