AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан шахталарында болған қайғылы оқиғалар: се...

Қазақстан шахталарында болған қайғылы оқиғалар: себептері мен қауіпсіздік шаралары

Әлеумет 31.08.2025, 10:26 913
Қазақстан шахталарында болған қайғылы оқиғалар: себептері мен қауіпсіздік шаралары
Сурет: istockphoto.com

Соңғы жылдары Қазақстан шахталарында қайғылы оқиғалар жиілемесе, сирейтін емес. Әсіресе көмір өндірісінде қауіп көбірек. Қазір елімізде шамамен 30 кәсіпорын қара алтын өндіреді. Жыл сайын 110 млн тоннадан кем емес көмір қазылып алынады. Дегенмен соңғы жылдары шахталарда еңбек қауіпсіздігіне қатысты үлкен мәселелер туындап отыр. Aqshamnews.kz тілшісі еліміздің кен орындарында соңғы бес жыл көлемінде болған апаттарды тізіп көрді.

Соңғы бес жылдағы негізгі апаттар:

         •        2020 ж. — Орлов өндірістік кешені, жарылыс кезінде 2 адам қаза тапты.

         •        2020 ж. — «Ақтөбе мыс компаниясы», көмірқышқыл газынан улану, 4 адам қаза тапты.

         •        2021 ж. — «Абай» шахтасы, метан газының шығуы, 6 адам қаза тапты.

         •        2022 ж. — «Саран» шахтасы, тау жынысының опырылуы, 1 адам қаза тапты.

         •        2022 ж. — Ленин атындағы  шахта, метан жарылысы, 5 адам қаза тапты.

         •        2023 ж. — Костенко шахтасы, газ-метан жарылысы, 46 адам қаза тапты.

         •        2025 ж. — «Жомарт» кеніші, алдын ала болжам бойынша метан жарылысы, 7 адам қаза тапты.

Көбіне қайғылы оқиғалар Қарағанды облысындағы шахталарда тіркеледі. Бұл ретте ең көп апат болған кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртау». 2023 жылы Костенко шахтасындағы алапат жарылыстан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Лакшми Митталмен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатып, Үкіметке шахталарды мемлекетке қайтару, өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту және техникалық базаны жаңартуды тапсырған еді. Сол жылы кәсіпорын атауы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ресми түрде QARMET болып өзгерді.

Апаттардың басты себептері:

         •        Метан жарылыстары;

         •        Көмір мен газдың кенеттен шығуы;

         •        Шахталардың ескіруі (көбі кеңес заманында салынған);

         •        Қауіпсіздік талаптарының жеткілікті сақталмауы;

         •        Инженер мамандардың тапшылығы.

Не істеліп жатыр?

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша:

«Қазір Мәжіліс пен Сенатта өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заң жобасы қаралып жатыр. Егер қабылданса, өте қатаң талаптар енгізілмек. Әр мемлекет өз ұлттық стандарттарын қабылдайды, бізде де осы бағытта шаралар атқарылып жатыр».

Апат айтып келмейтіні анық. Десе де, кен орындарындағы қайғылы оқиғалардың жыл сайын қайталануы мәселені шешу үшін өндірістік қауіпсіздікке қатаң бақылау орнатып, шахталарды толық техникалық жаңғырту қажеттігін көрсетіп отыр.

Айта кетейік, тамыздың соңғы жексенбісі - кеншілер күні. Бастарын қауіп пен қатерге тіге отырып, осы салада қызмет етіп жүрген жанның баршасы - нағыз ержүрек, батыл жандар екенін естен шығармайық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеншілер #оқиға #апаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);