ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстан Республикасының U17-U20 күрес чемпионаты...

Қазақстан Республикасының U17-U20 күрес чемпионаты Алматы қаласында өтеді

Спорт 18.02.2025, 10:00 510
Қазақстан Республикасының U17-U20 күрес чемпионаты Алматы қаласында өтеді
Cурет: Vecher.kz
2025 жылғы 20 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Арена спорт кешенінде (Нұркент шағын ауданы, 14Б) грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының...

2025 жылғы 20 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Арена спорт кешенінде (Нұркент шағын ауданы, 14Б) грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен жастар арасындағы U17 және U20 санатындағы чемпионаты өтеді.

Аталған біріншілікке еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан ең үздік жас балуандар қатысады. Олар Қазақстан чемпионы атағы үшін және биылғы күнтізбелік жылға жоспарланған халықаралық жарыстарда – Азия және әлем чемпионаттарында ұлттық құрама сапында ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін бақ сынайды.

20 ақпанда сағат 16:30-да U17 және U20 жас санаттарындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл шараға еліміздің даңқты балуандары – Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары қатысып, күрес спортының үш стилінің дамуы мен танымалдығы артуына қосқан үлестері атап өтіледі.

Алматы қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Омар Алиев алдағы турнирдің маңыздылығына тоқталып өтті:

- Ең алдымен, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшылығына осындай ауқымды жарысты өткізуге сенім білдіріп, мегаполисімізде ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіремін. Бұл жарыс – еліміздегі ресми жарыстар күнтізбесінің ашылуы іспеттес. Сонымен қатар, Алматы қаласының Спорт басқармасына турнирді ұйымдастырудағы қолдауы үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Соңғы бір жыл ішінде Алматыда күрес спортын дамытуда оң өзгерістер болды, бұл туралы біз бұған дейін де БАҚ беттерінде айтқан едік. Алдағы ел чемпионаты жас балуандарымызға өз шеберліктері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.

Спортшыларға сәттілік тілей отырып, барша жанкүйерлерді чемпионатты тамашалап, жас атлеттерімізді қолдауға шақырамын!

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.