AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Ресейге жүзден астам тауар түрін жеткізу...

Қазақстан Ресейге жүзден астам тауар түрін жеткізуді шектеді

Саясат 19.10.2023, 09:17 1,357 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан Ресейге жүзден астам тауар түрін жеткізуді шектеді
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтан Ресей мен Украина қақтығысы басталғалы Қазақстан РФ аумағына қандай тауарлар экспортын тоқтатқанын сұрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Жалпы, біз барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек Ресейге соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектедік. Бұл тізімге 106 түрлі тауар енді. Біз олар бойынша экспортқа мүлдем тыйым салдық»,– деді Қ. Төребаев.




Бұл тұрғыда вице-министр аталған өнімдердің арасында қақтығыс кезінде қарудың бөлшегі ретінде пайдалануға болатын тауарлар шектелгенін нақтылады.




«Олар соғысқа қатысты тауарлар. Осы өнімдер Ресейге шығарылмайды. Соның арасында қақтығыс кезінде қолданылатын дрондар, арнайы электроника, чиптер және басқа да құрылғылар бар», – деді министрлік өкілі.




Оның сөзіне қарағанда, аталған 106 тауар Қазақстанда өндірілмейді. Бұрындары бұл өнімдер еліміздің аумағы арқылы экспортқа шығарылған еді. Қазір осы тауарлар елімізге импортталғанымен, Ресейге шығарылмайды.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан қайталама санкцияларға жол берілмейтінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шектеу #тауар #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);