ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ойын-сауық / Қазақстан рекордын орнатқан қарағандылық велосипед...

Қазақстан рекордын орнатқан қарағандылық велосипедші 109 шақырымды ас-сусыз жүріп өткен

Ойын-сауық 05.05.2022, 16:01 3,761
Қазақстан рекордын орнатқан қарағандылық велосипедші 109 шақырымды ас-сусыз жүріп өткен
Сурет: Inform.kz
Қарағандылық веломарафоншы, ағылшын тілі мұғалімі, журналист Ернат Мелсұлы ас-сусыз 109 шақырым жолды 7 сағат 10 минутта еңсерді.

Қарағандылық веломарафоншы, ағылшын тілі мұғалімі, журналист Ернат Мелсұлы ас-сусыз 109 шақырым жолды 7 сағат 10 минутта еңсерді.


Осылайша ол Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Нәтижені Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеді. Жақын арада арнайы сертификат табысталады.



«Марафоншылар әдетте жеңіл және жылдам велосипед таңдайды, ал Ернат тауда жүретін ауыр велосипедке отырды. Әрине, рекорд мойындауға лайық», - деп атап өтті Қуандық Құдайбергенов.



Веломарафон Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолымен өтті. Жарыс 11:47-де басталып, 19:28-де аяқталды. Велосипедші Хазірет Сұлтан мешітінің алдына келіп тоқтады. Ернаттың айтуынша, ол мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының соңғы 30-шы күніне арнайы веломарафон жоспарлаған. Жетістікті Қазақстан халқының бірлігі күніне де арнады.



«Велошеруден кейін өзімді жақсы сезінемін. Болашақта еліміз бен халқымызды дәріптеуге үлес қосу үшін әлем бойынша саяхаттағым келеді. Тамыз айының соңында Ахмет Байтұрсынов дүниеге келген Ақкөл ауылынан Еуропаға халықаралық веложарыс өткізуді жоспарлап отырмын. Бағытты Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтау, Әзірбайжанның астанасы Баку арқылы өткізіп, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде аяқтағым келеді. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын, қазақ халқының мәдениетін, сондай-ақ Абайдың «Толық адам» идеясын түрлі қалалар мен елдерде көпшілікке таратқым келеді», - деді Ернат Мелсұлы.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.