AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Спорт 09.10.2022, 05:30 1,898
Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді
Сурет: Ашық дереккөзі

Іріктеу турнирін Астанада бастаған Қазақстан футзал құрамасы алғашқы кездесуде жеңіске жетті


Елордадағы "Жекпе жек" спорт кешенінде Қазақстан мен Словения құрамалары арасында ресми матч ойналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында кездескен қос құрама жанкүйерлер көңілінен шығатын ойын көрсетті. 2024 жылы болатын Еуропа чемпионатына бару үшін Қазақстан құрамасы алдымен өз тобында жеңіске жетуі қажет. Топта екі команда. Оның бірі Словения, екіншісі Черногория құрамасы.


Словения осал қарсылас емес. Олар Әлем чемпионатында өнер көрсеткен. Дәл біздің тобымызда ойнап, Қазақстан құрамасына сол шақта тегеурінді қарсылық көрсетті. Бұл жолы да солай болды. Десе де, ойынның бастапқы бөлігінде жылдам салынған гол Қазақстан құрамасына тамаша көңіл-күй сыйлады. 6 минутта Альберт Ақбалықов есеп ашып, командамызды жеңіске жетеледі. Одан кейін қонақтар да бірнеше мүмкіндіктер жасап, қорғанысымыздың дегбірін қашырды. Ал кездесудің 35 минутында Дуглас есепті еселеп, жеңімпаз жайлы сауалға нүкте қойды. Қазақстан құрамасы осы есепті ұстап қалды.


Қоржынымызда енді 3 ұпай. Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 12 қазан күні Черногорияда өткізеді. Ол матчта да Кака шәкірттеріне жеңіс қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Словения #Қазақстан #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);