ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы корей күресінен әлем чемпионаты...

Қазақстан құрамасы корей күресінен әлем чемпионатына қатысты

Спорт 30.11.2024, 12:25 787
Қазақстан құрамасы корей күресінен әлем чемпионатына қатысты
видеодан алынды
Оңтүстік Кореяның Чолла провинциясында өткен корей күресінен әлем чемпионатына 10 елдің спортшылары қатысты. Бұл турнирде 140 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесу өтті. Қазақстан құрамасының...

Оңтүстік Кореяның Чолла провинциясында өткен корей күресінен әлем чемпионатына 10 елдің спортшылары қатысты. Бұл турнирде 140 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесу өтті. Қазақстан құрамасының намысын қазақ күресінің чемпиондары Қайсар Шамшидин мен Алтынбек Аусағитов қорғады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қайсар Шамшидин турнирде алғашқы екі белдесуінде қарсыластарын жеңіп, бірақ үшінші кездесуде испаниялық Рауль Менсеге есе жіберді. Қайсардың айтуынша, жаңа күрес түріне үйрену оңай болмады.

"Енді бірінші рет күрескен соң сәл ыңғайсыздау. Ережесін дұрыс білмейміз әлі, қалай күресу керек, не істеу керек, барлығын түсіну қиын болды. Өзіміз қазақ күресімен күресеміз, онда бізде арнайы матрасымыз бар, ал олар құмның үстінде күреседі. Сондықтан кішкене ыңғайсыз болды", — деді Қайсар Шамшидин.

Бұл корей күресінің алғашқы халықаралық чемпионаты 2011 жылы өткен болатын. Корей күресінің ерекшелігі — спортшылар құмда, сырт киімсіз белдеседі, бұл күрестің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін туғызады. Қазақстан бұл чемпионатқа төртінші рет қатысып отыр.

Қазақстан құрамасының бапкері Чан Рэ Хван екі күн ғана дайындықпен турнирге шыққан спортшылар жақсы нәтиже көрсетті деп бағалады.

"Қазақстандық спортшылармен екі күн ғана дайындалдық, сондықтан олардың көрсеткен нәтижелері жақсы деп ойлаймын. Қазақ күресі мен корей күресі ссирымнан мүлдем өзгеше. Мен өзім Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан кезде қазақ күресі бойынша турнирде техниканың жетіспеушілігінен біраз қиындықтар туындаған еді", — деді бапкер.

Биылғы жарыста қазақстандық палуандар жергілікті тұрғындарға қазақ күресі ережелерімен таныстырды, бұл мәдени және спорттық алмасу үшін үлкен мүмкіндік болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.