AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтыншы жарыс...

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде бес медаль жеңіп алды

Спорт 26.09.2026, 12:05 257
Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде бес медаль жеңіп алды
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі

Ел құрамасының қоржынында 30 медаль бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

25 қыркүйекте Айчи мен Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды. Күн қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ескек есу, нысана көздеу, семсерлесу және жеңіл атлетикадан бес қола медаль иеленді.

Атап айтқанда, алтыншы жарыс күніндегі алғашқы жүлдені ескек есуден Қазақстан әйелдер құрамасы еншіледі. Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко байдарка-төрттігінен 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшылар бұл қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырды.

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев ел қоржынына тағы бір қола медаль салды. 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш позицияда ату сайысының финалында қазақстандық спортшы 348,3 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Семсерлесуден әйелдер құрамасы да қола жүлдегер атанды. Ширек финалда қазақстандықтар Гонконг құрамасын 45:35 есебімен жеңсе, жартылай финалда Қытай спортшыларына 21:45 есебімен жол берді. Нәтижесінде София Николайчук, Ирина Бакалдина, Владислава Андреева және Дарья Самоделкина Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан екі қола медаль жеңіп алды. Полина Иванова сырықпен секіруде 4,15 метр биіктікті бағындырып, үшінші орынға тұрақтады. Бұл - Қазақстанның Азия ойындарындағы аталған спорт түрінен тарихтағы алғашқы медалі.

Сондай-ақ Алина Чистякова жеті сайыста қола жүлдеге қол жеткізді. Жеті сайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық жеңіл атлет 5568 ұпай жинады.

Бұдан бөлек, бірнеше қазақстандық спортшы жүлдеге бір табан жақын болды. Мәселен, спорттық гимнастикадан Милад Карими керме жаттығуының финалында 13,666 ұпай жинап, төртінші орын алды. Ескек есуден Бекарыс Раматулла мен Дмитрий Холмогоров байдарка-екіліктің 500 метрлік жарысында төртінші нәтиже көрсетті.

Тау велоспортынан Денис Сергиенко ерлер арасындағы кросс-кантри жарысында бесінші орын алды. Ал Максим Фроловский 10 000 метрге жүгіруден финалда алтыншы сатыға тұрақтады.

Жағажай волейболынан Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық жұп Филиппин өкілдері Бернадет Понс пен Черри Энн Рондинуды 2:1 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңін бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.

Бокстан Назым Қызайбай мен Оразбек Асылқұлов жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады.

Алты жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 30 медаль бар: 8 алтын, 8 күміс және 14 қола. Ұлттық құрама ХХ жазғы Азия ойындарының жалпыкомандалық есебінде төртінші орында тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);