AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан құрама командасы әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрама командасы әлем чемпионы атанды

Білім және ғылым 11.10.2023, 03:37 1,657
Қазақстан құрама командасы әлем чемпионы атанды
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады, деп хабарлайды almaty-almaty.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 


Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ студенттері Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құраманың бапкерлері - Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.


«Біз Сингапурға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 оқушының ішінен ұлттық кезеңде іріктелген мықты команданы алып келдік. Біздің команданың алдында өткен жылғы Женевадағы тарихи жеңісті қайталау міндеті тұрды және олар мұны ойдағыдай орындады, ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұдан басқа, командамыз халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілердің марапаттарына ие болды, бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Қазақстандағы робототехника жыл сайын халықаралық брендке айналып келеді», - деп бөлісті USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов.


FIRST Global Challenge – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионаты. Осы жылғы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысты.


Еске салайық, Ұлттық құрама робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңдері шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жасақталды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робототехника #білім #тәжірибие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);