Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Қорғаныс министрлігі: мерзімді әскери қы...

Қазақстан Қорғаныс министрлігі: мерзімді әскери қызметті жою – мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді

Әлеумет 28.09.2024, 11:16 1,291
Қазақстан Қорғаныс министрлігі: мерзімді әскери қызметті жою – мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2024 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті жою туралы мәселе бойынша мәлімдеме жасады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті". Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметті жою мемлекеттің жалпы қауіпсіздігіне қатер төндіріп, сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндігін төмендетіп, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды деп ескертеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әкімшілік процестік-процедуралық кодекстің 90-1-бабына сәйкес, петициялардың тақырыбына қорғаныс мәселелері енгізілмейді. Бұл бастама мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстанда басымдық келісімшарт негізіндегі қызметке беріліп, 70%-дық үлес соларға, ал 30%-дық үлес мерзімді қызметке бөлінеді.

"Еліміздің жауынгерлік әлеуеті негізінен келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкерлер арқылы қамтамасыз етіледі. Дегенмен, қалған 30%-ды мерзімді қызметтегі сарбаздар құрайды. Мерзімді қызметтегі сарбаздар өз қызмет кезеңінде әскери дайындықтың негізгі дағдыларын меңгеріп, жауынгерлік жағдайда әрекет етуді, ату, әскери техниканы жүргізуді үйренеді, сондай-ақ физикалық және моральдық жағынан шыңдалады. Қызметін аяқтағаннан кейін олар әскери дайындықтан өткен резерв ретінде есепте тұрады және мерзімді түрде қайта даярлау курстарынан өтіп, біліктілігін арттырып отырады", – делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қорғаныс министрлігі #сарбаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.