AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерг...

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Әлеумет 28.04.2026, 15:33 193 yakiya
Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Тиісті бұйрық үстіміздегі жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Түзетулер материалдық қамтамасыз етудің жекелеген нормаларын нақтылауға және төлемдерді есептеу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, қағидаларға «істер мен лауазымды қабылдау күні» және «істер мен лауазымды тапсыру күні» деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл күндер командирдің бұйрығымен бекітіліп, ақшалай үлесті есептеу кезінде қолданылады. Жекелеген төлемдерді есептеу тәртібі де нақтыланды. Мәселен, әскери қызметтен теріс себептермен босатылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы енді айдағы нақты күнтізбелік күндер санына пропорционалды түрде есептеледі. Құжатта сыйақы беру тәсілдері де айқындалған.

Әскери қызметшілер ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін ынталандырылуы мүмкін. Сыйақылар мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, сол секілді мерейтойлық күндерге орай берілуі мүмкін. Мерейтойлық жасқа 40 жас және одан кейінгі әрбір бес жыл кіреді. Өзгерістердің жеке бір бөлігі әлеуметтік қолдауға арналған. Әскери қызметшілерге көрсетілетін материалдық көмектің көлемі ұлғайтылды. Енді оның мөлшері ең төменгі жалақыға еселенген түрде айқындалады. Бұл биыл 85 000 теңгені құрайды.

Материалдық көмек бюджет қаражатының үнемделуі есебінен беріледі. Жақын туыстарының, жұбайының немесе қайын жұртының қайтыс болуы жағдайында ол ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріне дейін (425 мың теңгеге дейін) жетуі мүмкін. Ал некеге тұру, бала туу, бала асырап алу, мүліктік залал келтірілуі немесе емделу қажеттілігі кезінде – үш еселенген мөлшерге дейін (255 мың теңгеге дейін) беріледі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, енгізілген өзгерістер төлемдер жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);