AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Қорғаныс министрі Беларуське ресми сапар...

Қазақстан Қорғаныс министрі Беларуське ресми сапармен барды

Саясат 22.11.2023, 05:05 1,325
Қазақстан Қорғаныс министрі Беларуське ресми сапармен барды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Минскіге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мүшелері - мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысу үшін барды.


Орталық офицерлер үйінде екі елдің қорғаныс министрлері генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Виктор Хрениннің кездесуі өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының басшылары қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.


Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Беларусь қатынастарының деңгейі артып келе жатқанын алға тартты.



- Қазақстан тыныштықты жақтайтын мемлекет ретінде бейбітшілікті сақтауға, әрі ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен жұмыстарға мүдделі, – деп атап өтті ол.



Қазақстан Қорғаныс министрі «Жеңіс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.


Осы күні Беларусь Республикасы әскери академиясының Қарулы Күштері Бас штабының факультетінде брифинг өткізілді. Онда қазақстандық делегация оқу орнының әскери кадрларын даярлау құрылымымен, міндеттерімен және жүйесімен танысты.


Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Беларусь әскери академиясында оқитын қазақстандық әскери қызметшілермен де кездесті. Ол білім беру бағдарламаларының мазмұнына, оқу процесіне және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған тұрмыстық жағдайларға да назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #әскер #Қарулы күш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);