Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан прокурорлары шетелге заңсыз шығарылған к...

Қазақстан прокурорлары шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселесін қарады

Әлеумет 23.06.2022, 06:05 974
Қазақстан прокурорлары шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселесін қарады
Сурет: Gov.kz
Шаралар кешенін талқылады.

Шаралар кешенін талқылады.


Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалық етуімен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Отырысты ашқан Бас Прокурор іс-шараға қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттерге аударды. Бұл – заңсыз шығарылған қаржы қаражатын елге қайтару бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау», - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Оларды іске асыру отандық экономиканы сауықтыруға, кірістерді әділ бөлуге және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мультипликативтік әсер етуі тиіс. 


Отырыста Комиссия төрағасының орынбасары – Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшылары баяндама жасады. 


Шаралар кешенін талқылай отырып, капиталды елден заңсыз шығаруды болдырмау және құқыққа қарсы жолмен алынған ресурстарды қолында шоғырландырған санаулы адамдар шеңберінің заңсыз баюы үшін жағдайларды жою алғашқы кезектегі шаралардың бірі деп танылды. 


Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олигополия субъектілерінің активтерді мемлекетке қайтару мүмкіндігі туралы ұсыныс қаралды. 


Бұл ретте, Берік Асылов комиссияның жұмысы адал кәсіпкерлер үшін бөгет болмауы қажет екендігін атап өтті. 



«Барлық шешімдер тексеріліп, мұқият пысықталған соң ғана қабылдануы керек», - деді ол. 



Отырыс қорытындысы бойынша комиссия жұмысының басым бағыттары айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.