AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Президенті Катар Сыртқы істер министрін...

Қазақстан Президенті Катар Сыртқы істер министрін қабылдады

Әлеумет 11.06.2021, 09:20 1,982
Қазақстан Президенті Катар Сыртқы істер министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Катар мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Тәниді қабылдады.


Кездесу барысында қазақ-катар қатынастарының даму перспективалары талқыланды. Бұл ретте саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға баса мән берілді, деп хабарлады Almaty-akshamy. kz Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті өзара қызығушылық танытатын салалар бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін зор мүмкіндік бар екенін айтты.


– Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор болады деп ойлаймын. Келешекте біз өзара ынтымақтастық бағытында үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Қазақстан осындай жетістіктерге қол жеткізуге мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде қол жеткізілген уағдаластық туралы айтты. Атап айтқанда, тараптар Катар басшысының Қазақстанға жоспарланған сапарының қарсаңында бірнеше ірі инвестициялық жобаларды бірлесе әзірлеу жөнінде келісімге келген.


Өз кезегінде Катар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Катар Әмірінің Қазақстан Президентіне және халқына жолдаған сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.


Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Катар Әмірінің экономика саласына баса мән бере отырып, Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін берік негіз қалауға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ коронавирус індетіне қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының әзірленуіне байланысты Катар басшысының құттықтауын жеткізіп, аталған мәселе бойынша кез келген көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  


Бұдан бөлек, Катардың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен өткізген келіссөз нәтижелері жөнінде, сондай-ақ, Қазақстан тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты бірқатар ұсыныс түскені туралы мәлімет берді. Бұл ретте Катардың Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялары аталған жобаларды зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #самолет #птица #посадка #Қазақстан #президент #Қатар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);