ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Президенті Францияның бизнес өкілдерін қ...

Қазақстан Президенті Францияның бизнес өкілдерін қабылдады

Саясат 01.11.2023, 14:43 1,104
Қазақстан Президенті Францияның бизнес өкілдерін қабылдады
akorda.kz
Мемлекет басшысы қазақ-француз бизнес форумы аясында Францияның бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысы қазақ-француз бизнес форумы аясында Францияның бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Lactalis Group компаниясының бас директоры Эмманюэль Беньемен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы аталған кәсіпорын Қазақстан нарығына 20 жыл бұрын келген алғашқы француз компанияларының бірі екенін атап өтті. Бүгінде бұл кәсіпорынның бірнеше зауыты мен сүт фермалары елімізде табысты жұмыс істеп жатыр.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық сын-қатерлеріне байланысты агроөнеркәсіп және азық-түлік өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастықтың мән-маңызы артып келеді. Осыған орай Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісіне инвестиция тартуды ынталандырады.


Эмманюэль Бенье қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Lactalis Group компаниясының ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарымен бөлісті.



Содан кейін Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті. Бұл Қазақстанда аусылға қарсы вакцина өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының айтуынша, ветеринария саласын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.



Қазақстан Президенті елімізде биотехнология кластерін құру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын және осы саладағы отандық ғылыми сараптама жасау ісін дамыту үшін QazBioPharm ұлттық биофармацевтикалық холдингі құрылғанын айтты.



Сонымен қатар Президент Semmaris компаниясының бас директоры Стефан Лаянимен кездесті. Стефан Лаяни Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі хаб құру жөніндегі бірлескен жобаның іске асырылуына қатысты мәлімет берді. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан инвестициясының жалпы көлемі 150 миллион долларды құрайды. Компания өз тарапынан жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде технологиялар мен Францияның озық тәжірибесін трансферт жасайды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.