AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қазақстан Президенті Бельгияның Премьер-Министріме...

Қазақстан Президенті Бельгияның Премьер-Министрімен келіссөз жүргізді

Хабарлама 26.11.2021, 05:17 1,277
Қазақстан Президенті Бельгияның Премьер-Министрімен келіссөз жүргізді
Сурет: Akorda.kz

Олар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияның Премьер-Министрі Александр Де Кроомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынастардың даму перспективаларын жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ олар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланғалы Бельгияға алғаш рет ресми сапармен келіп отырғанын айтты.


Мемлекет басшысы Қазақстанның Бельгияны Еуропалық Одақтағы саяси және экономикалық тұрғыдан маңызды серіктес санайтынын жеткізді.



Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, Бельгия – еліміздің экономикасына инвестиция салу жөнінен алтыншы орындағы мемлекет. 2005 жылдан бері Бельгия инвестициясының жалпы мөлшері 9,3 миллиард АҚШ долларына жетті. Пандемияға қарамастан, өзара сауда көлемі 13 пайызға өсіп, 300 миллион доллардан асты. Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 65 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді.



Экономикалық байланыстарды жандандыру мақсатымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық комиссия құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Сонымен қатар тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды. Мемлекет басшысы Бельгияның Премьер-Министріне қазақстандық QazVac вакцинасының жасалғаны туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бельгиялық биофармацевтика саласының даму деңгейін жоғары бағалап, QazBioPharm ұлттық холдингі мен жақында құрылған бельгиялық биофармацевтикалық платформа арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.


Әңгімелесу барысында тараптар Глазгодағы СОР26 саммитінің қорытындылары бойынша климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылап, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде қабылданып жатқан шараларға тоқталды.


Кездесуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмге, адам саудасы мен заңсыз миграцияға қарсы күрес мәселелері де сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.



Мемлекет басшысы ЕуроОдақпен аймақтық деңгейдегі байланыстар жөнінде айта келіп, «Қазақстан – ЕуроОдақ» және «Орталық Азия – ЕуроОдақ» форматтары бойынша Бельгиямен тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін нақтылады. Осы ретте Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің, сондай-ақ ЕуроОдақтың Орталық Азия жөніндегі жаңа стратегиясының барлық әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығына мән берілді.  



Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Де Крооға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы мәлімет берді. Бельгия Премьер-Министрі Қазақстанның ЕуроОдақпен ынтымақтастығын жоғары бағалады.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-Министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Александр Де Кроо елімізге келуге қызығушылық білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #Бельгия #де кроо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);