Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Премьер-Министрі JBIC төрағасы Хаящи Ноб...

Қазақстан Премьер-Министрі JBIC төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесті

Әлеумет 09.08.2024, 14:13 784
Қазақстан Премьер-Министрі JBIC төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесті
primeminister.kz

Олжас Бектенов жапондық JBIC банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады 
 
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов JBIC (Japan Bank for International Cooperation) Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесті. Қаржы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.  

Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі әрі бүгінде үздік-10 ірі инвесторлар қатарына кіреді. Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы өткен жылы 10,5%-ға өсіп, $2,1 млрд-қа жетті. Биылғы қаңтар-мамыр айларында өзара сауда көрсеткіші $768 млн-ды құрады. 1993 жылдан бері Жапонияның Қазақстан экономикасына капитал салымдарының жинақталған көлемі шамамен $8 млрд-қа жетті.

Үкімет басшысы JBIC-тің екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. JBIC Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда энергиямен және сумен жабдықтау, тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ көлік-логистика салаларында құны $2,3 млрд болатын 26 жобаны іске асыруды қаржыландырды. Қазақстанның Даму банкімен бірлесіп энергетика (ЖЭК қоса алғанда), көлік саласы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да басым салалардағы бірлескен жобаларды $200 млн сомасына қаржыландыру ниеті бойынша келісімге қол қою жоспарланып отыр. 

«Жапонияның оңтүстігінде орын алған жер сілкінісіне байланысты хабарды өкінішпен қабылдадым. Ең бастысы, адамдар аман болып, табиғи апат ауқымды шығындарға алып келмейді деп үміттенемін. Жапония – біздің негізгі сауда-экономикалық әрі инвестициялық серіктесіміз. Бүгінде қазақ-жапон қатынасы кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастық көкжиегін кеңейту ниетін құптайды және бірлескен жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Өз кезегінде JBIC төрағасы Хаящи Нобумицу ESG (Environment, Sustainability, Governance) шеңберінде «жасыл» қаржы және транзиттік қаржыландыру саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.
 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниет білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хаящи Нобумицу #Олжас Бектенов #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.