AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан павильоны «Әлем бейнесі» арт-жобасымен Г...

Қазақстан павильоны «Әлем бейнесі» арт-жобасымен Гиннестің рекордтар кітабына енді

Әлеумет 03.02.2022, 10:43 1,393
Қазақстан павильоны «Әлем бейнесі» арт-жобасымен Гиннестің рекордтар кітабына енді
Inform.kz

Дубайда өтіп жатқан EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильоны «Әлем бейнесі» арт-жобасымен Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.




«EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында ұсынылған «Әлем бейнесі» арт-жобасы Гиннестің рекордтар кітабының сертификатына ие болды. Сертификатты салтанатты тапсыру рәсімі Қазақстан павильонының сахнасында өтті», - делінген Қазинвест компаниясы таратқан ақпаратта.



«Әлем бейнесі» арт-жобасы – павильонға әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар қылқалам және бояулардың көмегімен өз қолтаңбасын қалдырған Жер планетасының кенептегі түпбейнесі. Кенептің өлшемі планетамыздың кішірейтілген физикалық параметрлерінің ұзындығы мен еніне сәйкес келеді. Картинаның негізгі идеясы EXPO-2020 Dubai көрмесінің «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру» тақырыбымен үндеседі. Арт-жобаның мақсаты – біздің ғаламшарымызда өмір сүретін адамдарды Ұлттық павильонның аумағында орналасқан бір өнер туындысы арқылы біріктіру. Картина – бейбітшілік, бірлік, үйлесімділік және достық сияқты құндылықтардың нышаны.




Бүгінгі таңда әлемнің 193 елінен келген 1900-ден астам павильон қонақтары мен келушілері картина бетінде өздерінің «ізін» қалдырды. Олардың арасында әлемге танымал Голливуд актрисасы Бай Линг, америкалық кәсіпқой боксшы Рой Джонс, қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов, ресейлік әнші Валерия, қазақстандық кәсіби велошабандоз Александр Винокуров және басқалары бар.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#дубай #ЕХРО #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);