AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан өз алаңында Беларусьті жеңіп, UEFA Ұлтта...

Қазақстан өз алаңында Беларусьті жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В тобына жолдама алды

Спорт 23.09.2022, 02:00 1,360
Қазақстан өз алаңында Беларусьті жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В тобына жолдама алды
Сурет: facebook.com/KFFkaz

Кеше Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдады


Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кеше Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдады. Қазақстандық футболшылар үшін олар - қолайсыз қарсылас. Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.


Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.
Оған қоса турнир кестесінде қазақстандық футболшылар көш бастап тұрса, Беларусь құрамасы небәрі екі ұпаймен төртінші орында келе жатқан болатын.


Айта кетсек, бүгін қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, құрамасы алдағы маусымдағы Ұлттар Лигасында В дивизионында Еуропаның алдыңғы қатарлы құрамаларымен сынға түсуге мүмкіндік алады.


Оған қоса 2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына қатысуына жол ашылатын.
Осындай себептерге байланысты кездесу тартысты басталды. Екі құрама алға қарай ұмтылды.
Дегенмен ойынның біраз бөлігіне дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Кездесудің 29-минутында қазақстандық Михаил Габышев есеп ашты.


Бұдан кейін де қазақстандық футболшылардың есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болды. Дегенмен оны пайдалана алған жоқ.


Ал 45-минутта беларусь футболшысы Павел Савицкий таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңнің 79-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов гол соқты.
Осылайша Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.


Нәтижесінде алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Қазақстандық футболшылар Беларуське қарсы жеті ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын осылайша бұзды.


Енді Қазақстан құрамасы 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Қазақстан #Белорусь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);