AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойы...

Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз ел атанды

Білім және ғылым 17.02.2025, 17:14 1,048 dulatbekova
Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз ел атанды
Сурет: Gov.kz

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы RCEC халықаралық сапа белгісін алды.

ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.

«ББЖМ аккредитациясынан өту еліміздің бағалау саласындағы әлеуетін және сараптамасын арттыруға мүмкіндік берді. Біз ББЖМ трансформациясы барысында әзірленген негізгі қағидаттар мен тәсілдерді ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру аясында басқа білім деңгейлеріне енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағалау жүйесінің тұтастай дамуын және балалардың білім сапасы туралы объективті деректер алуды қамтамасыз етеді», – деді «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы.

Сонымен қатар аккредиттеу Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне бірегей мүмкіндіктерді береді.

ББЖМ аккредитациясы 7 кезеңнен тұрады, олар бағалау жүйесін әзірлеуді, тест сұрақтарының базасын құруды, барлық қатысушылар үшін нұсқаулық әзірлеуді, цифрлық платформада тестілеуді әкімшілендіруді, халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдау.

Еске салайық, ББЖМ – мектеп оқушыларының білім сапасын зерделейтін қазақстандық ұлттық зерттеу, ол оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Орта Азия #Білім сапасы #бағалау #аккредитация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);