AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мұғалімдері бұзылған құқықтары туралы ча...

Қазақстан мұғалімдері бұзылған құқықтары туралы чат арқылы министрлікке жеткізе алады

Әлеумет 08.11.2022, 09:45 1,087
Қазақстан мұғалімдері бұзылған құқықтары туралы чат арқылы министрлікке жеткізе алады
Сурет: Inform.kz

Комитет тиісті шараларды қабылдайды.


Қазақстанда ұстаздардың құқығын қорғау мақсатында арнайы Telegram чаты іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» (https://t.me/KOKSO_MP) Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 2 мыңнан астам адам қосылды», - делінген Оқу-ағарту министрлігіның баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы. Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданған болатын. Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжат қана, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #Қазақстан #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);